Талдықорғанда жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Бүгін, 13:42 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Талдықорғандағы 8-шағын ауданда бір топ ер адамның түнгі төбелесі видеоға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты Жетісу облысының Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Кадрлардан кемінде 12 адамн жүргенін байқауға болады. Олар өзара жанжалдасып, жүгіріп, төбелесіп жатыр.

Жетісу облысының Полиция департаменті факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Оқиғаның барлық мән-жайын және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Ескертпе! Видеода балағат сөздер бар!