Белгілі спорт журналисі Ғалым Сүлеймен өмірден озды

18 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
kazinform

Қазақстандық белгілі спорт журналисі әрі комментатор Ғалым Сүлеймен 51 жасына қараған шағында кенеттен өмірден озды. Қайғылы хабарды оның әріптестері мен жақындары жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалым Қамашұлы 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолында ол "Егемен Қазақстан" газетінде спорт шолушысы болып жұмыс істеп, кейін "Спорт KZ" басылымының бас редакторы қызметін атқарған.

Спорт жанкүйерлері Ғалым Сүлейменді Олимпиада ойындарынан жасаған репортаждары арқылы жақсы таниды. Ол Нагано, Сидней, Ванкувер және Лондон Олимпиадаларындағы жарыстарды, сондай-ақ бокс пен күрес бәсекелерін қазақ тілінде комментатор ретінде жүргізген.

Журналист қазақ тіліндегі спорт публицистикасының дамуына да елеулі үлес қосты. Ол Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты және Президент стипендиясының иегері болған.

Тэгтер:

спорт Ғалым Сүлеймен