Португалия құрамасы Криштиану Роналдуға қатысты маңызды шешім қабылдады

Бүгін, 21:07 / Жамбыл Жайлау
Molly Darlington/Getty Images

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчтеріне шақырылған ойыншылар тізімін жариялады. Кеңейтілген құрамға Сауд Арабиясының "әл-Наср" клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду да енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Португалия тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бірі саналатын Роналду ұлттық құрама сапында Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы кездесулерге қатысуы мүмкін.

Португалия 2026/27 жылғы Ұлттар лигасындағы алғашқы матчын 24 қыркүйекте Лиссабонда Уэльс құрамасына қарсы өткізеді.

Одан кейін команда 27 қыркүйекте Ослода Норвегиямен кездеседі.

1 қазанда Португалия Копенгагенде Данияға қарсы ойнайды.

Ал 4 қазанда Португалия өз алаңында Норвегия құрамасын қабылдайды.

Тэгтер:

Криштиану Роналду Футбол Португалия Ұлттар лигасы