Атырауда заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді

Бүгін, 17:01 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Атырау – Доссор тасжолының 601-шақырымы тұсында Volvo автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жалпы салмағы 17 тонна 652 келі балық өнімдерін анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған дерек бойынша балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Полиция азаматтарды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және заңсыз балық аулау, сақтау немесе тасымалдау фактілері туралы полицияға хабарлау керектігін ескертеді.