Депутат «Таза Қазақстан» бастамасын балаларға ерте жастан үйретудің себебін түсіндірді

Бүгін, 15:45 / Інжу Әлихан

Құрылтай депутаты Мейірхат Қасымбаев журналист Ирина Советжанқызына сұхбат беріп, депутаттық сауалында «Таза Қазақстан» бастамасының құндылықтарын балаларға ерте жастан үйрету мәселесін не үшін көтергенін түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Балабақшадағы ересек топтардан, мектептің 1-сыныбынан бастап осы қағидаттарды енгізуді ұсындым. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілмей жатыр деп айтуға болмайды. Әртүрлі ашық сабақтар, мектептен тыс іс-шаралар мен апталықтар өткізіліп жатыр.

Бірақ менің ұсынысым – осы қағидаттарды балаларға арналған оқу-әдістемелік материалдарға енгізіп, күнделікті әдетіне сол арқылы сіңіру. Сөйтіп, біз келешек ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз», – деді депутат.

Еске сала кетейік, бұған дейін Құрылтай отырысында Мейірхат Қасымбаев Премьер-министр Олжас Бектеновке «Таза Қазақстан» бастамасының құндылықтарын балабақша мен мектептердегі тәрбие процесіне енгізу туралы депутаттық сауал жолдаған болатын.