Бұрынғы күйеуі Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сотта жеңіске жеткен блогер Фариза Алмасқызына құрбылары ақшалай сыйлық жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, оған қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді.
Жазбада құрбыларының оған тәттілер салынған сыйлық тарту еткені көрінеді. Сондай-ақ экрандағы хабарламада Kaspi Gold картасына 15 мың теңге аударылғаны байқалады.
«Қолдан жатқан барша халқым, ағайын туған бауырларым, құрбыларыма үлкен рақмет», – деп жазды Фариза Алмасқызы.
Айта кетейік, бұған дейін Фариза Алмасқызы Нұрсұлтан Жақсыген өз ар-намысына тиіп, жалған ақпарат таратты деп сотқа жүгінген болатын. Cот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп тауып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.