Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларына қатысты тараған бейнежазбаларға қатысты түсініктеме берді. Тексеру нәтижесінде видеолардың Қазақстан аумағында түсірілмегені анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Желілерде мектеп оқушыларына қатысты бейнежазбалар тарауда. Бейнежазбалардың бірінде жоғары сынып оқушыларының мектеп ғимаратында самокатпен жүргені, ал екіншісінде сабақтарын себепсіз босатып жүрген қыздардың бейнежазбасы көрсетілген.
Аталған бейнематериалдар толық тексерілді. Нәтижесінде бейнежазбаларда көрсетілген оқиғалардың Қазақстан Республикасының аумағында болмағаны анықталды.
Осыған байланысты аталған ақпаратты ескеріп, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауды сұраймыз», – делінген хабарламада.