25-27 қыркүйек күндері Түркістандағы «Керуен сарай» туристік кешенінде Халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді. Іс-шарада Түркістан облысы әкімідігі, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері фестивалі – қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын, Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытатын ірі мәдени жоба. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ.
Биылғы ән додасына Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Марокко, Куба, Гвинея, Қарачай Республикасы, Башқұртстан және Бразилия елдерінен келген әншілер қатысады.
Фестиваль аясында қолөнершілер ауылы, түркітілдес елдер дизайнерлерінің шеруі, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, түркі әлемінің танымал жұлдыздары бір сахнада бас қосады.
Фестивальдің басты мақсаты – Ұлы далада қалыптасқан ән өнерін әлемдік мәдени кеңістікке шығару, қазақ музыкасының халықаралық беделін арттыру және Түркістанды түркі дүниесінің рухани әрі мәдени орталығы ретінде кеңінен таныту.
Жобаның бас продюсері – Мейіржан Алиакбаров.
Қазылар алқасы және кеш қонақтары: Құрмаш Махан, Жұбаныш Жексенұлы, Сырым Исабаев, Ғәділбек Жанай, Серік Ибрагимов, Гүлсім Мырзабекова, Әли Өтенов және Мейіржан Алиакбаров.