Маңғыстаулық спортшы боччадан халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 15:41 / Інжу Әлихан

«Ерекше жан» клубының спортшысы Азамат Аманша Чехияның Пльзень қаласында өткен Pilsen 2026 World Boccia Challenger халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Азамат Аманша Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Командалық жарыстың қорытындысы бойынша спортшы үшінші орын алып, қола медаль иеленді.

Клуб өкілдерінің айтуынша, бұл нәтиже спортшының көп жылғы еңбегі, табандылығы және жоғары жетістіктерге ұмтылысының жемісі.

Азаматты елге оралғаннан кейін «Ерекше жан» клубының қызметкерлері қарсы алды. Ұжым спортшыны сәтті өнер көрсетуімен құттықтап, халықаралық аренада жаңа жеңістер тіледі.