«Түйеге соғылған»: Маңғыстау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Бүгін, 14:49 / Інжу Әлихан

16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтау – Бейнеу автожолында екі Toyota Camry көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылы жағынан Шетпе ауылы бағытында келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде жүрген түйеге соғылған.

Соқтығысудан кейін көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, сол жерде тағы бір Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан төрт адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен (Жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жануардың иесі анықталуда», – деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД.