Түркістан облысында браконьерлерден 260 келіден астам балық тәркіленді

Бүгін, 11:18 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Полиция қызметкерлері балық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, Шардара су қоймасында балық ресурстарын заңсыз өндіруді тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейдтік іс-шара барысында Шардара ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қайық пен балық аулау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулаумен айналысқан екі азаматты анықтады. Олардан 264 келі әртүрлі балықтар, сондай-ақ қайық және балық аулау торы тәркіленді.

Аталған факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады.

Полиция су биоресурстарын заңсыз өндіру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастырады. Сақшылар азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.