"Менің ақ жездем": Бағым Мұхитденова Тұрсын Алагөзовтің ерекше видеосын жариялады

Бүгін, 21:06 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/tursen_alaguzov

Продюсер Бағым Мұхитденова әлеуметтік желіде жездесі Тұрсын Алагөзовтің Майкл Джексонның танымал әніне билеп жүрген видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Баян Мақсатқызының жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Майкл Джексонның Billie Jean әніне көңілді би билеген.

Бағым Мұхитденова видеоны Instagram парақшасына жүктеп:

"Менің ақ жездем", – деп жазды.

Желі қолданушылары Тұрсын Алагөзовтің көңілді биіне жылы пікір білдірген.

Пікір қалдырғандардың бірі оның биін қолдап, дені сау, бақытты болсын деп жазса, енді бірі видеоны жаңа трендке айналдыруды ұсынған.

Кейбір қолданушылар Тұрсынның әрекетінен шынайылық пен ақкөңілділік байқалатынын айтып, оның көңілді күйіне тәнті болған.

Тэгтер:

видео Тұрсын Алагөзов Бағым Мұхитденова