Құрылтай отырысында бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс. Оның құрамына 50 адам енгізу көзделіп отыр.
Палатаның негізгі міндеттерінің бірі – заң жобаларын «нөлдік оқылым» сатысында қоғамдық және сараптамалық зерделеу. Бұл заң жобаларын әзірлеу кезеңінде кәсіби ұсынымдарды, балама ұстанымдар мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік береді.
Қоғамдық палата алаңында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері де талқыланады.
Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындауға және басшылық лауазымдарға тағайындау жүргізуге тиіс.