Құрылтай Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық келісімді мақұлдады

Бүгін, 10:37 / Інжу Әлихан
Құрылтайдың баспасөз қызметі

Құрылтай Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Белградта қол қойылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжаттың негізгі мақсаты – екі ел арасындағы өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастық орнату және одан әрі дамыту. Келісім аясында қару-жарақ пен әскери техниканы өзара жеткізу, оларға қызмет көрсету және жөндеу, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу көзделген.

Сонымен қатар тараптар технологиялар трансфері, әскери-техникалық көмек көрсету, маман даярлау және оқыту бағыттарында бірлесіп жұмыс атқарады. Екі мемлекеттің әскери инфрақұрылымының мүмкіндіктерін ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техника үлгілеріне бірлескен сынақ өткізу де қарастырылған.