Павлодар облысында құны 1 млрд теңгеге жуық жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 06:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Павлодар облысында жер учаскелерін беру барысында заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ оларды нысаналы мақсаты бойынша ұзақ уақыт пайдаланбау фактілері анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Екібастұзда жер кодексінің 65-бабы бұзылған. Өңірде жеке орман өсіру үшін берілген 797 гектар учаскеде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілгенмеген.

Табиғат қорғау прокуратурасы анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдарға қадағалау актісі енгізілді.

"Ауданы 1600 гектардан асатын және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кадастрлық құны 1 млрд теңгеге жуық жер учаскелері мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.

Кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде Жер қатынастары бөлімдерінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.