Алматыда көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам жол апатына ұшырады

Бүгін, 23:33 / Жамбыл Жайлау
pexels.com

Алматыда бес көлік соқтығысқан жаппай жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көршісінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам себеп болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Үлкен Алматы каналының бойында болған.

Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, Nissan көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, Сарбастау көшесінен батысқа қарай рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан Mitsubishi көлігіне соғылған.

Соққының салдарынан инерция бойынша тағы бірнеше автокөлік соқтығысып, апатқа барлығы бес машина қатысқан.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan көлігінің жүргізушісі Үлкен Алматы каналының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Сарбастау көшесінен батысқа қарай рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан Mitsubishi көлігіне соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан инерция бойынша тағы бірнеше көлік соқтығысты», – деп хабарлады полиция.

Nissan және Mitsubishi көліктерінің жүргізушілері медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

Тексеру барысында Nissan көлігін басқарған ер адамның машинаны көршісінен заңсыз алып кеткені анықталған.

Осы дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы көлікті заңсыз иемденіп, айдап әкету фактісімен қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген видеолар да тарады.

Тэгтер:

Жол апаты көлік Алматы