"Оңай емес": Азамат Сатыбалды жеке өмірі туралы құпияны ашып айтты

Бүгін, 22:15 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Актер Азамат Сатыбалды бірнеше күн бойы тамақ ішпей, тек су тұтынып жүргенін айтты. Өнер иесі бұл тәжірибесін әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актердің сөзінше, ашығудың екінші күнінде өзін жақсы сезінген. Сонымен бірге оқырмандарынан су ішіп ашығуға қатысты көп сұрақ келіп жатқанын жеткізді.

"Негізі бір күннен бастаған дұрыс. Ең бастысы – ниет. Оңай емес, қиындықтар бар. Бірақ жеңуге тырысу керек", – деді ол.

Бірнеше күннен кейін Сатыбалды тәжірибесін жалғастырып жатқанын айтып, төртінші күні мұндай қадамға дайындықсыз баруға болмайтынын ескертті.

Актердің айтуынша, ол бұл тәсілді алғаш рет қолданып отырған жоқ. Сөзінше, он жылдан астам уақыттан бері жылына екі рет ашығып келеді.

"Не істесеңіздер де, зерттеп, біліп алып жасаңыздар. Бұл ойыншық емес. Менің ағзам бұған үйренген. Сондықтан абайлау керек. Денсаулықпен ойнауға болмайды", – деді Азамат Сатыбалды.

Желі қолданушылары актердің видеосына пікір қалдырып, оның сыртқы келбетіне алаңдаушылық білдірген. Кейбірі қатты жүдеп кеткенін айтып, денсаулығына мұқият болуға шақырды.

Тэгтер:

Актер Азамат Сатыбалды