Алматыда жанармай құю бекетінде орынсыз әрекет жасаған жүргізуші қамалды

Бүгін, 21:10 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/almaty.police

Алматыда BMW көлігімен жанармай құю бекетінің аумағында дрифт жасаған 23 жастағы жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші жанармай құю бекетінде қауіпті маневрлер жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген.

Полиция құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстаған.

"Маневр жасағаны, жолға зақым келтіргені және апатты жағдай тудырғаны үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды. Нәтижесінде ол 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары адамдар мен көліктер бар аумақта дрифт жасау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Оқиғаның видеосы Алматы полициясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Тэгтер:

Полиция жанармай Алматы