Атыраудағы отбасы қазасы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты күтпеген хабар мәлім болды

Бүгін, 20:06 / Жамбыл Жайлау
azh.kz

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шықты. Ол қазір балаларымен кездесіп жүр, алайда жақындарының қаза тапқанын әлі білмейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, Ақбаян орталықтан шыққаннан кейін туыстарының бірінің үйінде тұрып жатыр. Жақындары оны тұрақты бақылауда ұстап, оңалту орталығындағы емін жалғастыруына көмектесіп жүр.

Туыстарының айтуынша, балаларымен кездесу Ақбаянның қалпына келуіне оң әсер еткен. Ол балаларымен жиі жүздесіп, бірге уақыт өткізе бастаған.

Ал ата-анасы мен өзге жақындарының қаза тапқаны туралы ауыр хабарды туыстары әзірге оған айтпауды жөн көрген.

Олар мұндай ақпарат Ақбаянның эмоционалдық жағдайын күрт нашарлатып жіберуі мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан бұл жаңалықты ол қабылдауға дайын болған кезде ғана жеткізуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемалиев Ақбаян Мұқанғалиеваның жақын туыстарын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Тэгтер:

Атырау Отбасы Сұлтан Сәрсемалиев Ақбаян Мұқанғалиева