Желідегі тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан астаналық әйелге айыппұл салынды

15 қыркүйек, 2026 / Інжу Әлихан
Скриншот

Тікелей эфирдегі өрескел әрекеті үшін Астана тұрғыны жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тікелей эфир кезінде әдепсіз әрекет танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан қыздың қатысуымен жарияланған бейнематериалды анықтады.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Алматы облысының 27 жастағы тумасы Маржан Әділбекті анықтады.

Тексеру барысында әйелдің тікелей эфир кезінде қаладағы қоғамдық орындардың бірінде болғаны және «күлдіргіш газ» деп аталатын затты қолданғаны белгілі болды.

Азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен оған айыппұл салынды. Қазіргі уақытта аталған мекемеге қатысты тексеру жүргізілуде. Аталған затты қолдану фактісіне тиісті құқықтық баға беріледі.

Полиция қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті бұзу, агрессивті мінез-құлық таныту және балағат сөздер айту заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.