«Шымбұлақтағы» аспалы жолдар қарашаға дейін жабылады

Бүгін, 10:25 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортының әкімшілігі қазан айында профилактикалық жұмысқа байланысты аспалы жолдардың жабылатынын ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz

«Қысқы маусымға алдын ала дайындалып жатырмыз. 12 қазаннан бастап курортта жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде арқан жолдары қонақтар үшін уақытша жабық болады.

Жабылу мерзімдері:

M1 «Медеу–Шымбұлақ» — 19 қазаннан 1 қарашаға дейін

K-1 – 19 қазаннан 1 қарашаға дейін

K-2 – 19 қазаннан 1 қарашаға дейін

KKD-4 –12 қазаннан 1 қарашаға дейін

Бұл кезеңде Shymbulak Mountain Hotel жұмысын жалғастырады. Ал курорт аумағындағы жұмыс істейтін мейрамхана – Sarai Bar.

Маңызды ақпарат: Шымбұлақ шатқалындағы автомобиль жолы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына байланысты 24 шілдеден 30 қарашаға дейін жабық», – делінген хабарламада