Газ тапаншасын қолданып бұзақылық жасаған қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол түнде өзге адамдар арасында орын алған жанжал кезінде газ тапаншасынан әуеге 2 рет оқ атқан. Сонымен қатар сол жердегі адамдардың біріне тағы 1 рет оқ атқан.
Жәбірленуші дер кезінде қашып үлгергендіктен оқтың тиіп кетуінен аман қалған.
"Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - дейді Бас прокуратура.
Прокуратура күш қолдану немесе қорқыту, сондай-ақ қаруды не өзгеде заттарды пайдалана отырып қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу - 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын еске салады.