Алматы циркінің өнерпаздары екі халықаралық жүлде жеңіп алды

Бүгін, 17:27 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Қазақстандық артистер Ресейде өткен цирк өнері фестивальінде екі халықаралық жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

10-13 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте 18 елден 200-ден астам қатысушы жиналған «Без границ – 2026» цирк өнері фестивалі өтті.

Қазақ мемлекеттік циркінің «Номад» тобы Қанатбек Күнғожиновтың жетекшілігімен ат үстіндегі акробатты ойын көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, қазақстандық өнерпаздар Росгосцирктің арнайы жүлдесімен марапатталып, Мәскеуде өтетін «ИДОЛ-2027» фестиваліне шақырту алды.

Ал Мәскеуде өткен «Артист» фестивалінде Қазақстан атынан Элеонора Канахина өнер көрсетті. Ол «Лунария» атты сым үстіндегі эквилибр нөмірін ұсынып, күміс медаль иеленді.

Осылайша, қазақстандық цирк артистері екі фестивальде де жүлдеге ие болып, ел қоржынына бір алтын және бір күміс медаль салды.