Астанада жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан тұрғын 5 жылға сотталды

Бүгін, 16:45 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қала тұрғыны түнгі уақытта өзге адамдар арасында орын алған жанжал барысында газ тапаншасынан әуеге 2 рет оқ атқан, сондай-ақ олардың біреуіне қарай 1 рет оқ атқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленуші дер кезінде қашып үлгергендіктен оқтың тиіп кетуінен аман қалған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы, сондай-ақ қаруды не өзгеде заттарды пайдалана отырып қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.