Атыраулық тұрғын көлігіне Елена Рыбакинаның портретін салды (ВИДЕО)

Бүгін, 14:31 / Інжу Әлихан
Instagram/sandero920

Атырау тұрғыны Асылан Жазиков көлігінің артқы әйнегіне жуырда әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакинаның портретін салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суреттің жанына «Елена Рыбакина – №1 чемпион. Әлемнің бірінші ракеткасы» деген жазба қалдырған.

Бұған дейін оның көлігінің әйнегінде футболшылар Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбековтің портреттері де болған.