Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір адам суға батып кетті

Бүгін, 10:54 / Інжу Әлихан

12 қыркүйекте Павлодар облысы Жанауыл ауылы маңында ішінде бес адам болған алюминий қайық аударылып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sputnik.kz жазуынша, олардың төртеуі өздігінен жағаға шығып үлгерген, ал бір адам суда жоғалып кеткен.

Құтқарушылар Ертіс өзенінде жоғалып кеткен 43 жастағы ер адамды үшінші күн қатарынан іздеп жатыр.

Іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы, 3 жүзу құралы және 2 эхолот жұмылдырылған.