4 жыл іздеуде болған «The Finiko» қаржы пирамидасының басшысы Түркияда ұсталды

Бүгін, 10:12 / Інжу Әлихан
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген «The Finiko» құрылымдық бөлімшесінің басшысын Түркиядан елге қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында «The Finiko» ешқандай нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызмет жүргізбегені анықталды. Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жасалған. Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген.

Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.

Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Тергеу жалғасып жатыр.