«Үміт еткен балаңнан айырылсаң, қартаяды екенсің»: Әнші Ердос Қанаев жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Бүгін, 08:02 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасында өзін сырт келбетіне қарап бағалаған оқырмандарға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, адам басынан ауыр қайғы өткеннен кейін тез қартаяды.

«Алдыңғы рилста «Қартайып кетіпсіз», «Бұл да қартайыпты» деген сынды комменттер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау Әкең о дүниелік болса қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!» – деп жазды әнші.