Астана – Петропавл тасжолында жол апаты болды

Бүгін, 07:48 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана – Петропавл автожолының 135-шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына Макинск қаласының трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жедел жетіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жол апатынан зардап шеккен екі адам Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.

ТЖД жүргізушілерді жол қозғалысы кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды.