Қызылорда облысында полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бүгін, 06:07 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Қызылорда облысы Арал ауданында полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы turkystan.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қызылорда облысында учаскелік полиция инспектордың өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қаза тапқан. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.