Қарағанды облысындағы дала өрті: ТЖД жүргізушілерге ескерту жасады

13 қыркүйек, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ТЖД

ТЖД Қарағанды облысында тағы өртіне байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.

Шет ауданында 4 шақырым жерде шөп пен қараған жанып жатыр.

Оқиға орнына қосымша күштер жіберілді.

"Қатты екпінді желге байланысты Қызылқой ауылы маңындағы "Астана – Қарағанды – Алматы" республикалық автожолының учаскесінде түтін болуы мүмкін", - дейді құтқарушылар.

Жүргізушілерді түтін басқан учаскеден өту кезінде барынша мұқият болуға шақырады.