Елена Рыбакина теннис тарихындағы ең үлкен жүлдеге ие болды

Бүгін, 12:28 / Нұрлан Әлинұр
Getty Images

Елена Рыбакина теннис тарихындағы бір турнир үшін ең үлкен жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол US Open атағы үшін 5,5 млн АҚШ долларын жеңіп алды. Өткен рекорд да қазақстандық теннисшіге тиесілі болған. 2025 жылы Эр-Риядтағы WTA финалында жеңіске жеткені үшін Рыбакина 5,2 миллион доллар табыс тапты.

9 қыркүйекте US Open жартылай финалына шығу Рыбакинаға әлемдік рейтингтің бірінші қатарына кепілдік берді. 14 қыркүйектен бастап ол өзінің мансабында ғана емес, жалпы Қазақстан теннис тарихында тұңғыш рет әлемнің алғашқы ракеткасы атанады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі табысымен құттықтап, бүкіл ел спортшының жетістіктерімен мақтанатынын атап өтті.

Бұған дейін US Open-ді екі жыл қатарынан Беларусь теннисшісі Арина Соболенко жеңіп алған болатын.