«500 мың теңгені әрең сұраймын»: Бағлан Әбдірайымов той гонорарын естіп шок болғанын айтты

Бүгін, 19:40 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Бағлан Әбдірайымов бір концертке өнер көрсетуге шақырылатын әншілердің гонорарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында концертке әншілер шақыру үшін гонорар сұрағанын айтып, бұл жағдайға таңғалғанын жеткізді.

«Бір концертке әншілер шақырып берейін деп, гонорарларын естіп, өзім шошып кеттім.  «5 миллион теңге» дейді. Ал мен болсам, 500 мың теңгені де дірілдеп, ұялып әрең сұраймын.

Әркімнің өз бағасы бар ғой, бірақ осы тұста өзімді біртүрлі сезініп қалдым», – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.