Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адам 15-қабаттың терезесінен секірді. Ол бала отырған бесік арбаның үстіне түскен. Салдарынан екеуі де көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz. елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секірген. Соның салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.
Ол құлаған кезде екі жасар бала отырған бесік арбаның үстіне түскен. Алған жарақаттарының салдарынан бала да көз жұмды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.