Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа тарады

Бүгін, 22:06 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/tipichka_petro

Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, тілсіз жау үлкен аумаққа жайылды. Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының арғы жағында, Шаховское ауылы маңында шыққан.

"Құрғақ өсімдік өртеніп жатыр. Оқиға орнына департаменттің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Жағдай бақылауда", – делінген ведомство хабарламасында.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан өрттің ауқымды аумақты шарпығанын көруге болады.

Өңірде бүгін желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жеткен. Бұл жалынның тез таралуына әсер еткен болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тэгтер:

өрт Петропавл