Астанада домбыра үйірмесіне қатысатын балалардың ата-аналарын алдады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды, деп turkystan.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, күдікті ата-аналардың сеніміне кіріп, балаларды Дубайда өтетін байқауға апаруды ұйымдастыруға уәде берген. Осы сылтаумен ол азаматтардан әртүрлі мөлшерде ақша алған.
Қазіргі уақытта алдау арқылы ақша иемденудің 11 дерегі анықталған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ іске басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін анықтап жатыр.
Полиция азаматтарға қандай да бір қызмет үшін ақша бермес бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеруге кеңес берді. Сонымен қатар құжаттар мен келісімшарттарды мұқият қарап, ресми түрде расталмаған уәделерге сенбеу қажет екенін ескертті.
Күмәнді жағдай туындаған жағдайда азаматтар «102» нөміріне хабарласа алады.