Өзбекстан астанасы Ташкентте Орталық Азиядағы ең ірі спорт ареналарының бірі салынып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Qazsport мәліметінше, "Жаңа Ташкент" аумағындағы стадион құрылысының 65 пайызы аяқталған. Жаңа арена 55 мың көрерменге есептелген.
Осы көрсеткіш бойынша нысан Қырғызстандағы 51 мың орындық "Бішкек Арена" стадионынан үлкен болады.
Жобаның жалпы құны шамамен 100 миллион долларды құрайды. Стадион маңында метро станциясын және 5500 автокөлікке арналған тұрақ салу жоспарланған.
Сонымен қатар арена жабық шатырмен жабдықталады.
Стадион құрылысы 2025 жылдың қарашасында басталған. Нысанды 2027 жылы өтетін 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионатының негізгі алаңдарының бірі ретінде пайдалану көзделіп отыр.