Конгода екі мектепті шарпыған өрттен бастауыш сыныптағы 20 бала қаза тапты

10 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Конго Демократиялық Республикасының Букаву қаласында болған алапат өрттен ондаған адам қаза тауып, 50-ден астам оқушы зардап шеккені хабарланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Таратылған мәліметке сәйкес, өрт екі бастауыш мектепке жақын орналасқан тұрғын үйден басталған. Жалын қысқа уақыт ішінде мектеп ғимараттарына тарап, сол сәтте сыныптарда болған балалар өрт ортасында қалған.

Жергілікті медициналық мекемелердің біріне қаза тапқан 10 адамның денесі жеткізілгені айтылады. Тағы бір аурухана 50-ден астам жараланған оқушыны қабылдаған. Олардың бірқатары ауыр жарақат пен күйік салдарынан көз жұмған.

Өрттің ауқымы үлкен болған. Жалын тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды шарпып, көптеген ғимаратты жарамсыз күйге түсірген.

Қазіргі уақытта өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.

Тэгтер:

мектеп Конго