Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі видеосы үшін айыппұл арқалады

Бүгін, 21:28 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/erkebulan_toktar

Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде жарияланған видеосына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, әлеуметтік желілерден оның боғауыз сөздер айтқан видеосы анықталған.

"Танымалдылық жауапкершіліктен босатпайды. Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады прокуратура.

Сот шешімімен Еркебұлан Тоқтарға 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тэгтер:

Айыппұл видео Еркебұлан Тоқтарғ