Танымал әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарып, қыз-келіншектерді ажыраспауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ажыраспаңыздар. Күйеуіңіз ұрып соғатын, ішетін, шегетін, жалқау, лудоман болса, онда қай шешіміңіз болса да дұрыс. Мен өзімді таңдадым, шаршадым деп ажырасып кетіп жатқандар өте көп. Менің кеңесім бәлкім сіздерге керек болар. Кезінде ажырасар алдында маған мұны ешкім айтқан жоқ. Менің қателігімді қайталамасын деген оймен айтып жатырмын. Ажырасып, өзіме махаббатымды арттырамын дегенге сенбеңіздер. Ажыраспай-ақ та осы нәрсені жасап көруге болады», – дейді ол.