«Үш ұлым да шала туған»: Төреғали Төреәлінің әйелі балалары туралы жазба жариялады

Бүгін, 16:12 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әнші Төреғали Төреәлінің жары жетінші жүктілігі кезінде медициналық қауіп жоғары болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзінше, төртінші кесір тілігіне байланысты алаңдағанымен, сәбиі дәрігерлерді таңғалдырған түрде ай-күніне жетіп, аман-есен дүниеге келген.

«Өмірімде болған бір ғажайыппен бөліскім келіп отыр. Мәриямға жүкті екенімді білген сәттен бастап менде қорқыныш пен уайым көбейді. Медициналық тұрғыда қауіп өте үлкен еді. Бұл – төртінші кесарь тілігі, кішкентайымның арасы тым жақын, оның үстіне үш ұлым да шала туған. Осының бәрін ойлаған сайын аналық жүрегім алаңдай беретін. Бірақ жүрегімде бір ғана ой тұрды: «Алла қателеспейді».

Бір күні Төреге уайымымның басым болып кеткенін айтып, «Маған ішкі тыныштық керек» дедім. Содан Төре «40 күн тахаджуд намазына тұрып, Алладан сұрайық» деді. Содан екеуміз Астананың аязында күнде сағат 3-те тұрып, 40 күн бойы мешітке барып, тахаджуд намазын оқыдық. «Я, Алла, баламызды аман-есен ай-күніне жеткізіп, дүниеге әкелуді нәсіп етші» деп тіледік.

Ал Мәриямымыз дәрігерлердің өзін таңғалдырып, ай-күніне жетіп, аман-есен дүниеге келді. Төремнің төбесі көкке бір елі жетпей қалды», – деді ол.