Қазақстанның белгілі журналисті, «Навигатор» интернет-газетінің негізін қалаушылардың бірі әрі ZonaKZ бас редакторы Юрий Мизинов 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.
«Юрий Мизиновтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен барша медиақауымдастыққа қайғырып көңіл айтамыз.
Юрий Мизинов Қазақстандағы қоғамдық-саяси журналистиканың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Оның көпжылдық кәсіби қызметі тәуелсіз интернет-медианы дамытуға және елдегі заманауи ақпараттық ортаны қалыптастыруға арналды.
Юрий Мизиновтың кәсіби шеберлігі мен отандық журналистикаға қосқан үлесі оқырмандар мен кәсіби қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды», – делінген хабарламада.