Тарихи жетістік: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Бүгін, 05:04 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҚТФ

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл қазақстандық теннисшінің US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шығуының арқасында мүмкін болды. WTA-ның live-рейтингінде Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкодан озып, жаңа көшбасшы атанды. Рейтингтің ресми жаңартылған нұсқасы дүйсенбі, 14 қыркүйекте жарияланады.

Осылайша, Елена жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі атанды. Бұған дейін еліміздің бірде-бір спортшысы әйелдер арасында да, ерлер арасында да – жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілмеген.