«Қазір жұмыс осы»: Сәкен Майғазиев немересімен видео жариялады

Бүгін, 17:03 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

МузАрт тобының мүшесі Сәкен Майғазиев немересімен бірге видео түсіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі немере сүйіп, ата болу бақытын сезініп жүргенін айтты. 

"Қазір жұмыс осы. Немере бағу. Құдайға шексіз шүкір. Алла тағалаға сансыз мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке сансыз салауаттар болсын! Сіздерге де немере жұғысты болсын", - деп жазды ол.