Алматының бір бөлігінде пиротехника қолдануға тыйым салынады

Бүгін, 16:55 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

2027 жылы 8 қаңтардан бастап төмен шығарындылар аймағында (LEZ) азаматтық пиротехника қолдануға тыйым салатын талап күшіне енеді. Бұл туралы Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шектеу петарда, отшашу, салют сияқты еркін сатылымдағы пиротехникалық өнімдерді қолдануға қойылады.

Ескерер жайт: бұл талап Алматының бүкіл аумағына қатысты емес. Шектеу әкімдіктің жеке қаулысымен бекітілетін LEZ шекарасы шегінде ғана қолданылады.

Алматының Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларында қарастырылған бұл шектеу қаладағы ауаның ластану деңгейін төмендетуге бағытталған шаралардың бірі.