Көкшетауда 19 жастағы жігіт 9-қабаттан құлап кетті

Бүгін, 15:43 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Кеше Көкшетауда 2007 жылы туған ер адам құрылыс алаңында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Оқиға 8 қыркүйекте болды.

«Құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан нысанда 2007 жылы туған азамат тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.