«Басқа отбасына бердім»: Блогер Ильнура некесінің бұзылуына себеп болған шындығын айтты

Бүгін, 15:31 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Біраз уақыт бұрын желіде «Еркешока» лақап атымен танылған Әсем мен блогер Айтуған Ғалымовтың үйленгені көпшіліктің талқысына түскен болатын. Себебі Әсемге үйленген кезінде Айтуған Ғалымовтың отбасы болған. Блогер Лауланың подкастына Айтуғанның бірінші әйелі Ильнура сұхбат беріп, некесінің бұзылуына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Айтуған екеуміз үйленгенде ол маған бұрын отбасы болғанын айтты. Ал мен бар нәрсені айтып, бір нәрсені ғана айтпай қалғанмын. Бірақ бір күні нақты айтамын деп жүрдім. Айтуғанға дейін аяғым ауыр болып қалып, баланы баласы жоқ отбасына бергенмін. Сол нәрсені кейін Айтуған біліп қойды. Содан кез-келген ұрыс кезінде айта берді. Болды, енді ол тақырыпты қозғамаймыз деп келіссек те айтыла берді. Қазір екі қызым бар ғой. Қыздарымды менен ештеңе жасырмайтындай етіп тәрбиелеп жатырмын. Өзімнің анам екінші рет тұрмыс құрып кетті де, мен атам мен әжемнің тәрбиесінде өстім. Үлкен кісілер болғандықтан ол кісілерге көп нәрсені айта алмадым. Тек босанатын кезімде анама хабарласып «Босанайын деп жатырмын, баланы басқа отбасына беремін» деп айттым», – дейді ол.

Тэгтер:

Бала блогер Ажырасу неке босану Ильнура Айтуған