«Рұқсат еттім»: Танымал блогердің әйелі бар шындығын жайып салды

Бүгін, 12:14 / Алуа Арман
видеодан скриншот

«Еркешока» лақап атымен танылған блогер Әсем мен Айтуған осыдан біраз уақыт бұрын неке қиып, елдің сынына қалған болатын.  Себебі Айтуғанның келіншегі мен бала-шағасы болған. Айтуғанның бірінші әйелі Ильнура блогер Лауланың подкастына сұхбат беріп, бар шындығын жайып салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Айтуған басқа адамды ұната бастады. Ол Қытайда бизнеспен айналысты. Мен үйде қалып қойдым. Екеуміздің екі түрлі дамып жатқанымызды түсіндім. Ол елді көре берді, дами берді. Ең ауыр тигені – өзіңді тастанды сезіну. Оның өмірінде мен жоқ сияқты болып қалдым. Мені естімейтін сияқты, мені көрмейтін сияқты. Отбасы құрғанымызға көп болған жоқ. «Аз ғана уақыттың ішінде менен жалығып кетті ме?», «Мен оған қызықсыз болып қалдым ба?» деген сұрақтар көп болды. Бірақ кінә менен емес екенін көп ұзамай түсіндім. Таяқтың екі ұшы болады. Отбасын сақтап қалғым келді, сондықтан екінші әйел алуына рұқсат еттім. Балаларымның толық отбасында өскенін қаладым. Бірақ екінші әйел алуына рұқсат берсем де, оның бәрі оңай тиген жоқ. Ұзақ ойланып, ұрыс-керіс, күйзеліс, кетіп қалған күндерім де болды. Қаншама уәде бергеннен кейін қайтып келдім. Бірақ ол уәденің ешқайсы орындалмады. Олар үш жыл жүрді. Мен бір жылдан кейін білдім. Білгенде сезіп жүрдім», – деді ол.

 

 

Тэгтер:

блогер Ажырасу неке бірінші әйел екінші әйел тоқал алу