Қазақстанға танымал голливуд актері келді

Бүгін, 11:47 / Інжу Әлихан
Jeff Spicer/Getty Images

«Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Қазақстанға әйгілі актер Тиль Швайгер келді. Бұл туралы  Salem Entertainment компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір актер Алматыдағы түсірілім алаңында жұмыс істеп жатыр. «Достучаться до небес» және «Бесславные ублюдки» фильмдерімен танымал актердің картинада қандай рөл сомдайтыны әзірге белгісіз. 

«Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне «Knockin’ on Heaven’s Door», Квентин Тарантиноның «Inglourious Basterds» сияқты танымал фильмдердің актері түсірілімге қатысатын болды. Біз 80-нен астам фильмде ойнаған актермен бірге жұмыс істеуді үлкен мәртебе санаймыз. Жақын арада оны Джеки Чанмен бірге экраннан көреміз», – деді медиакомпания өкілдері.

Фильм Алматы мен Астанада, сондай-ақ Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында түсіріліп жатыр. Түсірілім жұмыстарының негізгі орындарының бірі – Бозжыра шатқалы. Жобаның Қазақстандағы түсірілімдері маусым айында басталып, қазан айына дейін жалғасады.

Фильмді қазақстандық Salem Entertainment компаниясы мен гонконгтік Billion Target компаниясы бірлесіп түсіруде. Картинаға қазақстандық режиссер Роберт Кун жетекшілік етеді. Фильмнің премьерасы 2027 жылы өтеді деп жоспарланып отыр.

Тэгтер:

Голливуд Тиль Швайгер