Пойызда мас болып, жолаушылардың мазасын алған азаматқа айыппұл салынды

Бүгін, 11:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысының Бейімбет Майлин ауданының сотында азамат К.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот отырысында 2026 жылғы 6 қыркүйекте сағат 21:00 шамасында Бейімбет Майлин ауданының аумағымен жүріп бара жатқан жолаушылар пойызында азамат К.-ның алкогольдік масаң күйде болып, былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Өз әрекетімен ол қоғамдық орында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқан.

Сот отырысында азамат К. өз кінәсін мойындады.

Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауын және жас балаларының болуын ескерді. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде әкімшілік құқық бұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасауы танылды.

Сот қаулысымен азамат К. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Тэгтер:

Айыппұл Мас Павлодар облысы Пойыз жолаушы